🇰🇿Наурызнама онкүндігі аясында мектеп-интернатта робототехника және заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар белсенді қатысып, өз жобаларын көпшілік назарына ұсынды.
✅Іс-шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай,аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, сондай-ақ сала басшылары қатысып, жас дарындардың еңбектерімен танысты.
✅Шара барысында оқушылар жасанды интеллект (AI), ақпараттық технологиялар (IT) және робототехника бағыттары бойынша әзірлеген жобаларын таныстырып, цифрлық білім саласындағы жетістіктерін көрсетті. Жас өнертапқыштардың жаңа технологияларға деген қызығушылығы ерекше байқалды.
📌Сонымен қатар, оқушылар халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтқанда, A.E.R.D командасы байқауда жүлделі орын иеленіп, финалға жолдама алса, Tolebi Daryn командасы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
✅Көрме қонақтардың зор қызығушылығын тудырып, жас таланттарға қолдау көрсетілді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына серпін беріп, олардың болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі