ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 100 ОҚУШЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

🇰🇿Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында, берекелі айдың соңғы күнінде Кемеқалған ауылдық округінде игі шара ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімдігінің бастамасымен, меценат, қоғам қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен округ аумағындағы 7 білім беру ұйымынан жиналған 100 оқушыға арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

✅Аталған қайырымдылық шарасы – өскелең ұрпаққа қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың білімге деген ынтасын арттыруға, жүректеріне мейірім мен ізгіліктің дәнін егуге бағытталған игі бастама.

✅Осындай ізгі іске қолдау білдіріп, балаларға қамқорлық танытқан демеушіге мектеп ұжымдары мен ата-аналар атынан шынайы алғыс білдіріледі.

©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »