РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ: 200 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

🇰🇿 Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесі мен Ораза айт қарсаңында ҚМДБ-ның Түркістан облысы, Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.

📍 Шара «Қуаныш Ешенқұл» жеке қорының демеушілігімен ұйымдастырылып, 200 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеттері табысталды.

✅ Іс-шара Қасиетті Құран оқумен басталып, оған аудан бас имамы Үсен Сәуірбаев, «Қуаныш Ешенқұл» қорының өкілдері және аудан мақтанышы, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты.

✅ Арман Оспанов жиналғандарды Ораза айт пен Наурыз мерекелерімен құттықтады. Ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев демеушілерге алғыс айтып, ата-баба рухына Құран бағыштап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.

📍 Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара көмек пен жанашырлықты нығайтуға үлес қосады.


©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »