ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

🇰🇿Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында Ленгір қаласы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

✅Іс-шара барысында қала көшелері мен тротуарлар, жол жиектері мұқият тазаланып, арық-лотоктардың іштері сыпырылды. Сонымен қатар, ағаштардың түбі әктеліп, қала аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл – тек тазалық шарасы ғана емес, қаланың көркеюіне және тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруына арналған маңызды іс-шара.

✅Сенбіліктен шыққан қоқыстарды шығару жұмыстарына 3 трактор тіркемесі мен 4 трицикл жұмылдырылып, барлық қалдықтар арнайы орынға жеткізілді.

📍Мұндай сенбіліктер тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген қамқорлықты арттырады. Қаламыздың әр көше, әр ауласы таза және көрікті болса, біз үшін де, келер ұрпақ үшін де жайлы орта қалыптасады.


©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »