АНАЛАР – ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ МЕН ШЫРАҒЫ

🇰🇿Ардақты аналар мен аяулы арулар!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

✅Ана – отбасының тірегі, берекесі мен шырағы. Әр шаңыраққа жылу сыйлап, мейірім мен махаббаттың нұрын жағып отырған да – сіздер. Ұрпақ тәрбиелеп, ел болашағын қалыптастырудағы еңбектеріңіз әрдайым зор құрметке лайық.

✅Халқымыз ананы әрқашан ардақ тұтқан. «Отан – отбасынан басталады» десек, сол отбасының берекесін кіргізіп, бірлігін бекемдеп отырған – өздеріңіз. Сіздердің парасаттылықтарыңыз бен төзімдеріңіз, даналықтарыңыз бен еңбексүйгіштіктеріңіз қоғам тұрақтылығы мен дамуының негізі болып табылады.

📍Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Әйел – отбасының ұйытқысы, қоғамның тірегі. Аналарды қолдау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты», – деп атап өткен.

✅Бүгінде әйелдер тек шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті маман, іскер басшы, табысты кәсіпкер, ұлағатты ұстаз ретінде де қоғамда лайықты орын алып келеді.

💐 Құрметті аналар!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

Ізгі ниетпен,
Аудан әкімі. Е. Әлімқұлов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »