ҚОС МЕРЕКЕНІҢ НҰРЫ — АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

🇰🇿Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ленгір қаласындағы «Millenium Palace» мейрамханасында Ленгір қаласы әкімдігі мен аудандық мәслихат депутатының ұйымдастыруымен «Қос мерекенің нұры — аналарға құрмет» атты мерекелік кеш өтті.

✅Іс-шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, аудан орталығының тазалығы үшін еңбек етіп жүрген аналарды арнайы марапаттады. Атап айтқанда, төрт анаға «Біркөлік» шипажайына, бір анаға «Сарыағаш» шипажайына және бір анаға Мекке қаласына кіші қажылық – умра сапарына жолдамалар табысталды.
Сондай-ақ бірқатар ардақты аналар Төлеби ауданы әкімінің Алғыс хатымен, ауданның Құрмет грамотасымен, аудандық мәслихаттың Грамотасымен және қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

✅Кеш барысында аудан өнерпаздары мен аналар кеңесінің мүшелері ән шырқап, аналарға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, аналар шынайы ризашылықтарын жеткізді.


©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »