🇰🇿Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
✅Қабылдау барысында аудан әкімі Ленгір қаласындағы апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің иелерімен кездесіп, тұрғын үй құжаттарына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сала басшылары тарапынан тиісті кеңестер берілді.
✅Кездесу барысында жер мәселесіне байланысты туындаған бірқатар түсінбеушіліктер қаралып, осыған орай Төлеби ауданының жауапты мамандарына Қазығұрт ауданымен бірлесе отырып, мәселені заң аясында шешу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырма берілді.
✅Сондай-ақ, Бірінші Мамыр және Қаратөбе ауылдық округтерінің тұрғындары жер мәселесіне қатысты сұрақтарын қойып, сала басшыларынан қажетті түсіндірмелер мен кеңестер алды.
✅Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында балық шаруашылығын дамытуға ниетті кәсіпкер де болды. Ол өз жобасына қатысты ұсыныстарын білдіріп, туындаған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарымен пікір алмасты.
📍Кездесу барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы халық үніне құлақ асу, тұрғындардың өтініштерін тыңдап, ұсыныс-пікірлеріне назар аудару маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, осы бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.











©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі