🇰🇿 2026 жылғы 30 маусым күні Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі, қазақ қыздарының сұлулығы мен нәзіктігінің символына айналған, халқымыздың аяулы өнер қайраткері Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған **«Дәстүрімнің балқаймағы – әжелер»** атты ақ әжелер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын дәріптеу, әжелер институтының қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызын насихаттау, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру болды.
Байқауға ауданның мәдениет мекемелерінен және қоғамдық ұйымдарынан барлығы **11 ақ жаулықты әже** қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар байқаудың талаптарына сәйкес сәлемдесу, зерделік сайыс, шығармашылық өнер көрсету және ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды әзірлеу кезеңдері бойынша өздерінің білімін, өнерін, шеберлігі мен өмірлік тәжірибесін таныстырды.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей марапатталды:
🏆 **Бас жүлде** – Жамбыл ауылдық кітапханасының өкілі **Оралбаева Тәттігүл** (жүлде қоры – 150 000 теңге).
🥇 **І орын** – Қаратөбе ауылдық кітапханасының өкілі **Серікбаева Қойсынай** (120 000 теңге).
🥈 **ІІ орын** – Мәдени ауылдық кітапханасының өкілі **Шартахбаева Күләш** (100 000 теңге).
🥉 **ІІІ орын** – Сарқырама ауылдық мәдениет үйінің өкілі **Есенгелдиева Бекзада** (80 000 теңге).
🥉 **ІІІ орын** – «Данагүл әжелер» ұйымының мүшесі **Нұрсейтова Күлзипа** (80 000 теңге).
Сондай-ақ байқау барысында арнайы номинациялар бойынша да үздіктер анықталды:
🔹 **«Ақ әже»** номинациясы – **Мұсаева Наталия** (30 000 теңгелік сертификат);
🔹 **«Дана әже»** номинациясы – **Пернеева Зәуре** (30 000 теңгелік сертификат);
🔹 **«Асыл әже»** номинациясы – **Ахметова Түймен** (30 000 теңгелік сертификат).
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық ақ жаулықты әжелерге **20 000 теңгелік сертификаттар**, дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Тағылымға толы тағдыр иелері мен өнегелі өмір жолын кейінгі буынға үлгі еткен ақ жаулықты аналарды ұлықтаған бұл шара ұлттық салт-дәстүрдің өміршеңдігін айқындап, үлкенге құрмет пен кішіге ізет қағидаларын кеңінен насихаттаған мазмұнды мәдени іс-шараға айналды.



