ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

🇰🇿 Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық апталығы барысында ауқымды көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.

✅ Іс-шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған 900-ге жуық адам қатысып, 70-тен астам мекеме жұмылдырылды. Сонымен қатар, жұмыстарды жүргізуге 18 техника тартылды.

✅ Акция аясында аудан аумағында бүгін 9000 көшет отырғызылды. Ал жыл басынан бері егілген ағаш көшеттерінің саны 17 мыңға жетті. Әрбір қатысушы бір ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосты.

✅ Тазалық жұмыстары барысында су жағалаулары мен бұлақ көздері тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғи аумақтарды абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.

📍 Аталған шараның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

✅ Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан аумағында тазалық пен көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.


©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »