АУДАН ӘКІМІ ЕРКЕҒАЛИ ӘЛІМҚҰЛОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

▪️Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

▪️Төлеби ауданында референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Аудандағы барлық сайлау учаскелерінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, алғашқы сайлаушылар өз таңдауларын жасап, дауыс беруде.

▪️Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов та азаматтық борышын орындап, референдумда дауыс берді. Ол тұрғындарды ел болашағына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақырды.

▪️Төлеби ауданы бойынша референдум учаскелерінің саны – 69. Қазіргі таңда аудан халқы 121 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде 69 358 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл жалпы халықтың 56,9 пайызына тең.

▪️Республикалық референдумға аудан жоғары деңгейде дайындалған. Жалпы 425 комиссия мүшесі жұмыс істеуде. Комиссия мүшелерінің 97%-ы сайлау және референдум өткізу тәжірибесіне ие. Сонымен қатар бақылаушылар дауыс беру барысын тұрақты қадағалап отыр.

▪️Референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

▪️Жалпы ауданда референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенділігі байқалуда.

©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »