МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АЯУЛЫ АРУЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

🇰🇿Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген арулар қатысып, оларға ерекше құрмет көрсетілді.

✅Жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосып жүрген әйелдерді мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

✅Шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы орны, отбасы мен ел дамуына қосқан үлесі кеңінен айтылып, аналардың мейірімі мен жанашырлығы, парасаты мен еңбегі ерекше құрметпен аталып өтті.

✅Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлері мен өнерпаздар аналарға арналған әсерлі әндерін тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.


©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »