

🇰🇿 Төлеби аудандық Мәдениет үйінің алаңы ұлттық өнердің асқақ рухы мен мәдениеттің әсем өрнегіне бөленді. «Төлеби өрнектері» атты мерекелік мәдени кеш көрерменге халқымыздың бай рухани мұрасын, салт-дәстүрі мен өнерінің өміршеңдігін кеңінен насихаттаған тағылымды шараға айналды.
✅ Кеш шымылдығы күмбірлеген қасиетті қара домбыраның үнімен түріліп, аудан өнерпаздары ұлттық нақыштағы әндерді әуелете орындады. Қазақтың кең даласының тынысын сездірген әуезді әндер мен күйлер көрерменді ұлттық рухтың қайнарымен қауыштырды.
✅ Сахна төрінде халқымыздың батырлық болмысы мен өмір салтын айшықтайтын ұлттық спорт түрлерінен театрландырылған көріністер ұсынылып, тұсау кесер рәсімі өтіп, ата-баба мұрасы мен ұлттық құндылықтардың мәні тереңінен дәріптелді. Ал эстрадалық жанрдағы жарқын шығармалар мерекелік кештің ажарын аша түсіп, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
✅ Кештің көркін арттырған тағы бір ерекше сәт – аудандағы түрлі этномәдени бірлестіктердің өнер көрсетуі болды. Әр ұлттың әні мен биі, ұлттық мәдениетінің айшықты үлгілері көпшілікке ұсынылып, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы, өзара сыйластығы мен татулығының жарқын көрінісін паш етті.
📍 «Төлеби өрнектері» мерекелік кеші ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, мәдени мұраны ұлықтаумен қатар, көпұлтты қоғамдағы бірлік пен берекенің, рухани сабақтастықтың айқын белгісіне айналды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі Показать меньше