🇰🇿 Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
✅ Қабылдау барысында тұрғындар баспанаға қол жеткізу, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін ортаға салды. Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, олардың мән-жайы жан-жақты зерделенді.
✅ Көтерілген мәселелердің шешу жолдары заң талаптары аясында жан-жақты талқыланып, жауапты бөлімдер мен тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Жедел шешуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен орындалуы қамтамасыз етілетіні жеткізілді.
📍 Халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнату, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың талап-тілегіне бейжай қарамау – жергілікті атқарушы билік жұмысының басты қағидаттарының бірі. Осы бағыттағы қоғамдық қабылдаулар азаматтардың көкейінде жүрген мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың заң аясында тиімді шешілуіне мүмкіндік береді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі 





