Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның ішінде кәсіпкерлік саласында кеңінен енгізу – маңызды бағыттардың бірі. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылуы қажеттігін атап өтіп келеді.
Осы мақсатта Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Тілдерді оқыту және дамыту орталығы Төлеби ауданындағы Бірінші мамыр ауылдық округінде орналасқан «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, «Мемлекеттік тіл – табысты кәсіптің кілті» тақырыбында бейнеролик түсірді. Бейнероликтің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілдің маңызын арттыру, қазақ тілінде қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру және өзге кәсіпкерлерге үлгі ету.