БУЛЛИНГСІЗ ҚОҒАМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛІК КЕЗДЕСУ

🇰🇿 Төлеби ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында «Буллингсіз қоғам – жарқын болашақ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.

✅ Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында буллингтің алдын алу, оның зияны мен салдарын түсіндіру, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Кездесуге прокуратура қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері мен аудан жастары қатысты. Жиын барысында мамандар буллингтің түрлері, оның психологиялық әсері және заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен айтып, нақты өмірлік мысалдар келтірді.
Сонымен қатар, жастар өз ойларын еркін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Ашық форматта өткен кездесу қатысушылар үшін пайдалы әрі әсерлі болды.

✅ Мұндай тағылымды шаралар жастардың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, қоғамдағы өзара сыйластық пен құрмет мәдениетін нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »