ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АЙНАСЫ

🇰🇿18 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күні. Бұл күн – халқымыздың мәдени мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық болмысын дәріптейтін ерекше мереке.

⚜️Ұлттық киім – ұлттың тарихы мен дүниетанымының айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен нақыштың астарында терең мағына, ұлттық рух жатыр. Сондықтан ұлттық киімді ұлықтау – өз тамырымызды ұмытпай, рухани құндылықтарымызды дәріптеудің жарқын үлгісі.

⚜️Осы орайда, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың бастамасымен мемлекеттік қызметшілер ұлттық киім киіп, жұмысқа келді. Бұл – ұлттық құндылықтарға деген құрметтің айқын көрінісі.

✅Іс-шара барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы барша тұрғындарды Ұлттық киім күнімен құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев ақ батасын берді.

✅Мерекелік жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров бастаған мәслихат аппараты қызметкерлері қатысып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға өз үлестерін қосты.


©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »