






🇰🇿Төлеби ауданы аумағында 69 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Ауданда 69358 азамат дауыс беру құқығына ие. Таңғы сағат 07:00-ден бастап тұрғындар дауыс беруге келіп, белсенділік танытуда. Алғашқы келген сайлаушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
✅Учаскелер қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы бұрыштармен қамтамасыз етілген.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі