Әз-Наурыздың жаршысы саналатын Амал күні құтты болсын!

Құрметті аудан тұрғындары!
Ардақты ағайын!

🇰🇿Баршаңызды халқымыздың көне дәстүрінен бастау алатын, көктемнің жарқын мерекесі – Әз-Наурыздың жаршысы саналатын Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

✅Көрісу күні – Амал – ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, ізгі тілектерін арнайтын ерекше күн. Бұл – татулық пен сыйластықты дәріптеп, ел бірлігін нығайтатын халқымыздың берекелі дәстүрінің айқын көрінісі.

✅Осындай игі мереке адамдар арасындағы бауырмалдықты арттырып, қоғамдағы ауызбіршілік пен ынтымақты одан әрі нығайта түссін.

✅Әр шаңыраққа амандық, құт-береке, молшылық тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік болсын!
Амал мерекесі құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
аудан әкім Еркеғали Әлімқұлов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »