АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

🇰🇿 Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

✅ Алғыс айту күні – еліміздегі бірлік пен ынтымақтың, өзара құрмет пен сенімнің айқын көрінісі. Бұл мереке түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды күн. Қиын кезеңдерде бір-біріне сүйеніш болып, қолдау білдірген халқымыздың кеңпейілділігі мен адамгершілік қасиеттері – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі.

✅ Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Ортақ іске жауапкершілікпен қарап, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген тұрғындарымыздың еңбегі әрдайым құрметке лайық.

📍 Әр шаңыраққа амандық, мықты денсаулық, береке-бірлік тілеймін! Елімізде тыныштық пен тұрақтылық мәңгі салтанат құрсын!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Translate »